22 наурыз 2016 жыл

Мүшел деген не?

Мүшел деген не?

Он екі жыл уақыт - бір мүшел деп аталады. Мүшелдегі жылдар 12 жануардың атымен аталады.

1 – тышқан

2 – сиыр

3 – барыс

4 – қоян

 5 – ұлу

6 – жылан

7 – жылқы

8 – қой

9 – мешін

10 – тауық

11 – ит

12 – доңыз.

Мүшел аяқталып, 13-ші жылды санағанда тышқан жылы деп есепті қайтадан бастайды. Мүшелдік жылдардың басы - 22 наурыз.

Жыл атаулары қалай анықталған?

Мүшелдегі 12 хайуанның алтауы – үй жануары, алтауы – түз тағысы. Аңыз бойынша осы он екі хайуан жыл атына ие болуға таласқан.

Сонда тышқан тұрып: «Дауласатын дәнеңе жоқ, таңертең бәріміз де ерте тұрып, шығып келе жатқан күнді аңдиық. Сонда алдымен көргеніміз бірінші жылды, одан соң көргеніміз екінші жылды, осылай  кезегімізбен аламыз» деп, ұсыныс жасаған.

Бұған келіскен хайуандар демалып жатқанда тышқан еппен түйенің басына шығып алған. Ол күнді бәрінен бұрын көріп, жыл басы болған. Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты.

Ал, түйе күннің шығуын көре алмай қалған ба?

Түйені санаттан қалдырмайтын да аңыз бар. Аңыз бойынша мүшелдегі хайуандардың бәрі жиналып, түйенің мүшелерін бөлісіп алған.

Шынында да, түйенің құлағы - тышқандікіндей, тұяғы - сиырдікіндей, кеудесі - барыстікіндей, ерні - қояндікіндей, мойны - жыландікіндей, шудасы - жылқының жалындай, жоны - қойдікіндей, бөксесі - мешіндікіндей, төбесі - тауықтікіндей, сандары - иттікіндей, құйрығы - доңыздікіндей емес пе?!

Мүшел атауларын жатқа білесің бе?

Мүшел есебімен санауға дағдылану үшін мына өлеңді жаттап алсаң жеткілікті.

Түйе сеніп бойына,

Қалған ұмыт жылдардан.

Жатпа қарап, мойыма,

Тайма именіп ділмардан.

Мұнда әр сөздің бірінші дыбысы  жыл атының бірінші дыбысын көрсетеді: т – тышқан, с – сиыр, б – барыс, қ – қоян, ұ – ұлу, ж – жылан, ж – жылқы, қ – қой, м – мешін, т – тауық, и – ит, д – доңыз.

 

Басылым материалдары бойынша әзірленді

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!