15 сәуір 2025 жыл

«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады

«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады

«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Balapan» телеарнасы 1 мамырдан бастап «Желаяқ» толықметрлі анимациялық фильмін прокатқа шығарады.

«Желаяқ» – шытырман оқиғаға толы, қиял-ғажайыпқа құрылған анимациялық туынды. Фильмнің басты кейіпкері – ерекше қабілетке ие 6 жастағы Әлем. Әлемнің бар қабілетін иемденгісі келген Мыстан есімді зұлым оған қарсы шығады. Осы сәттен бастап Әлем бойындағы ерекше күшпен қоғамды зұлымдықтан, қауіп-қатерден қорғауға бел буады.

«Желаяқ» жобасының идеясы өмірлік құндылықтарды жеткізуді көздейді. Біз бұл мультфильм арқылы жақсылық пен зұлымдықтың арасындағы күресті, ізгілік пен адалдықтың жеңісін, шынайы батылдықты көрсетуге тырыстық. Жобадағы ғылыми фантастика элементтері балалардың қиялын дамытуға көмектеседі. Жалпы алғанда, «Желаяқ» – қазақ мифологиясындағы оқиғалардың заманға сай бейімделуі», - дейді жобаның шығармашылық тобы.

Анимациялық фильм еліміздің барлық қалаларындағы кинотеатрлар желісінде 1 мамырдан бастап көрсетіледі.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!