«Тоқты мен Серке» анимациялық фильмі прокатқа шығады
Қазақстандық анимация әлеміне тағы бір тың туынды қосылды! 3 шілдеден бастап кинотеатрларда «Тоқты мен Серке» атты толықметрлі анимациялық фильмнің көрсетілімі басталады.
Фильмде Тоқты мен Серкенің бастан кешкен қызықты оқиғалары арқылы балаларға:
• 🎯 мақсатқа жетудегі табандылық,
• 🤝 достыққа адал болу,
• 🛠 еңбектің қадірін түсіну сияқты құндылықтар насихатталады.
Анимациялық жобаның режиссері әрі сценарий авторы — Батырхан Дәуренбеков. Ол бұған дейін көрерменге жақсы таныс «Томпақ», «Қалқанқұлақ», «Вундеркинд бала» сынды жобалармен танымал.
🎟️ Кең прокатқа дейін фильмді алғаш болып Түркістан мен Шымкент қалаларының тұрғындары жабық көрсетілім аясында тамашалау мүмкіндігіне ие болды.