Орта ғасырда Әмудария мен Сырдарияның арасында Мәуеренахр деген қуатты мемлекет пайда болады. Өзін жер патшасы, Азияның арыстаны санаған Әмір Темір билеген тұста Мәуеренахр гүлденеді.
Осы тұста Темір әулетінде 1394 жылдың 22 наурызында Мұхаммед Тараға есімді бала дүние есігін ашады.
Оның астрономияға, математикаға қызығушылығы ерте оянады. Зерек зейінімен көзге түскен сұлтан «Ұлықбек» атанып кетеді. Атасы Темір оны ерекше жақсы көргендіктен, өз қолына алып, өзі тәрбиелейді. Ғалым болып қалыптасуына ықпал етеді.
Ол Платон, Аристотель, сонымен қатар әл-Фаараби, Әл-Бируни секілді Шығыс ғалымдарының еңбектерімен де етене таныс болады.
Ел бірлігін ұйытып ұстап отырған Әмір Темір көз жұмғаннан кейін, ел Мәуеренахр және Хорасан болып екіге бөлініп кетеді.
Төрт жылдық бүліктен кейін, Ұлықбек алдымен Самарқанд, сосын Мәуеренахрдың әміршісі болады.
Ұлықбектің билік еткен заманында ел ішінде тыныштық орнап, ғылым-білім өркендеді.
Ұлықбекті шынайы ұлық еткен Ұлықбек абсербаториясының ашылуы еді. Ұлықбек обсербаториясында жазылған ең құнды еңбек – «Зидж Гургани». Ол астрономдар үшін жасалған таблицалар деген мағынананы береді.
Ұлықбек халық қамы үшін мешіт, медреселер тұрғызды.
Ғылымға келгенде, Ұлықбек өзін медресе шәкірттерімен тең ұстайды.
Ұлықбек дүние салғаннан кейін оның еңбектері Мысыр, Шам қалаларында жарық көреді. Ал ХVII ғасырда Еуропада 3 рет басылып шығады.
Ғылыми қауымдастық Ұлықбектің еңбектеріндегі нақтылыққа таңданыстарын жасырмайды.