1899 жылы 12 сәуірде тау-қыраттарды аралап, тастарды зерттегенді ұнататын бала Қаныш дүниеге келді. Оның атын Ғабдулғани деп қояды. Анасы Ғаныш, Қаныш деп еркелеткендіктен, Қаныш аталып кетеді. Оның алғыр болғаны сондай 4 жылдық ауыл мектебін 2 жылда бітіреді.
Ол қазақтан шыққан тұңғыш геолог еді. Ұлттық техникалық университетке сіңірген еңбегі үшін университетіміз оның атында.
Ол мықты математик болып кетуі де мүмкін еді. Студент болып жүрген кезінде,алгебра оқулығын да жазған. Оны Ахмет Байтұрсыновқа табыстайды.
Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер геологиясын зерттеуге арналған.
Оның геологиядан басқа ғылымдардан, мәселен, мәдениет саласында, тарихта да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді.
Қазақтың ән мұрасын зерттеуші Затаевич Қанышпен кездесіп, 25 әннің шығу тарихын жазып алған.