20 мамыр 2024 жыл

«Balapan» телеарнасы Алматыда «Дара бала» мегажобасының кастингін өткізді

«Balapan» телеарнасы Алматыда «Дара бала» мегажобасының кастингін өткізді

Кастингте Алматы және Түркістан облыстарынан 200-ге жуық талантты бала өнер көрсетті. Олардың ішінде Абайдың қара сөздерін жатқа айтатын, аспан әлемін жетік білетін, робот ойлап тапқан, көмірдің түр-түрін жинайтын және түрлі өнерімен таң қалдырған балалар болды.

Үміткерлер balapan.tv сайты арқылы 31 мамырға дейін онлайн өтінім бере алады. Ал 25-26 мамырда Астана қаласында (Қонаев көшесі, 4) оффлайн кастинг өтеді.

Қосымша ақпарат үшін: +7 747 504 6244, +7 778 506 2210, +7 705 566 3782.


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!