16 шілде 2020 жыл

«Balapan» көрермендерін күтер қызық көп

«Balapan» көрермендерін күтер қызық көп

«Balapan» әдеттегідей жазғы демалысқа шыққан балаларға арнап арнайы контент әзірлеп жатыр. Телеарна биылғы жазғы телемаусымда өз көрермендеріне 2 анимациялық жоба, 4 бағдарлама және 1 ситком ұсынады. 

Атап айтқанда, ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтайтын әрі бабадан қалған салт-дәстүрді балаға үйрету арқылы ұрпақ сабақтастығын суреттейтін «Үйрен де жирен!», бүлдіршіндерді топпен жұмыс істеуге үйретіп, олардың көшбасшылық қабілетін шыңдайтын «Ботақаным», ғылымның күрделі құбылыстарын балаға жатық әрі жеңіл тәжірибелермен түсіндіретін «Тәжірибе алаңы», бүлдіршіндерге түрлі ойындар арқылы сан түрлі саладан танымдық тұрғыда ақпарат беретін «Ойла, ойна» бағдарламалары эфирге шығады.

Сонымен қатар, «Дарын мен Айзере» ситкомы да өз көрермендеріне жол тартпақ. Туысқандардың арасындағы жылы қарым-қатынасты дәріптейтін аталған жоба – арна көрермермендері сүйіп көретін, әзіл-қалжыңға толы жаңа маусым жаңалықтарының бірі болмақ.

Арна көрермендерін анимациялық жобалармен қуантуға да әзір! Жазғы телемаусым жобаларының қатарында жауыз айдаһар мен батыр баланың арасындағы күресті суреттейтін шытырман оқиғалы «Алпамыс» және аралардың отбасындағы қызық оқиғаларға құрылған «Балақайлар» мультсериалдары бар.


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!