09 сәуір 2021 жыл

«Balapan» арнасында – тұсаукесер! 17 сәуірден бастап «Қазақстан – қызғалдақтар мекені» анимациялық жобасы эфирге шығады

«Balapan» арнасында – тұсаукесер! 17 сәуірден бастап «Қазақстан – қызғалдақтар мекені» анимациялық жобасы эфирге шығады

«Balapan» телеарнасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстан – қызғалдақтар мекені» атты анимациялық хикаяны жарыққа шығарды.

Бұл жоба Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде жүзеге асырылды. Яғни, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, «Қазақстан – қызғалдақ пен алманың отаны!».

Анимациялық телехикаяның басты мақсаты – өскелең буынға ғажайып гүлдің тарихын, ерекше қасиеттерін таныстыру арқылы оны қорғауды, көбейтіп өсіруді насихаттау.

Оқиға желісі бойынша, айықпас дертке шалдыққан Голландия елінің сұлу да мейірімді ханшайымын Алатаудың баурайында өсетін ерекше гүлдің қайнатпасымен ғана емдеуге болады. Қайтсем де қызғалдақтар мекеніне жетем деген ханзада нөкерлерімен бірге алыс сапарға аттанып, шытырман оқиғаларға тап болады. Осылайша, 10 бөлімнен тұратын мультхикаяда әлем жұртшылығының сүйікті гүліне, қазақ даласының символына айналған қызғалдақтың Еуропаға бару жолы баяндалады.

«Қазақстан – қызғалдақтар мекені» анимациялық сериалы 17 сәуірден бастап әр сенбі-жексенбі күндері сағат 20:40 және 23:20-да «Balapan» телеарнасынан көрсетіледі.


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!