10 мамыр 2024 жыл

«Дара бала» мегажобасына кастинг жариялаймыз

«Дара бала» мегажобасына кастинг жариялаймыз

 «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Balapan» телеарнасы «Дара бала» мегажобасына кастинг жариялайды

Мегажобаға айрықша қабілеті бар 3-12 жас аралығындағы талантты қазақстандықтар мен шетелдегі қазақ балалары қатыса алады.

Қойылатын басты талап:

🔹 Білім, ғылым, өнер, спортқа деген ынтасын, айрықша қабілеттерін көрсете білу.

 Кімдер қатыса алады?

🔘 Республикалық, халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары, жүлдегерлері (мектеп пәндерін ерекше меңгерген оқушылар);

🔘 IT-технологиялар, әлеуметтік және экологиялық жобалардың авторлары (Өнертапқыш балалар);

🔘 Спорттық сайыстарда ерекше көрсеткіштермен көзге түскендер;

🔘 Полиглот балалар;

🔘 Ерекше қолөнермен айналысып, сурет сала алатын балалар;

🔘 Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды жетік білетін балалар;

🔘 Өзгеден ерек ән, би орындайтын, музыкалық аспаптарда ойнайтын балалар.

Қатысу шарттары:

Үміткерлер өзі туралы ақпаратты (аты-жөні, видео) balapan.tv сайтына жіберіп, сауалнаманы толтыру қажет. Онлайн кастинг 10-31 мамыр аралығында өтеді.

📆 Ал офлайн кастинг 18, 19 мамыр күндері Алматы қаласында (Желтоқсан көшесі, 175), 25, 26 мамырда Астана қаласында (Қонаев көшесі, 4) ұйымдастырылады.

📞 Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: +7 747 504 6244, +7 778 506 2210, +7 705 566 3782.


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!