04 желтоқсан 2023 жыл

«Balapan» телеарнасы «iBars» интеллектуалды жобасын ұсынды

«Balapan» телеарнасы «iBars» интеллектуалды жобасын ұсынды


«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы балалардың зияткерлік, танымдық, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жобаның тұсауын кесті.

Интеллектуалды бағдарлама «Balapan» арнасынан осы аптадан бастап көрерменге жол тартты.

Жобада 3-5 жас аралығындағы балалардан құралған топтар төрт кезең бойынша бақ сынасады. Қатысушылар әр кезеңде түрлі сұрақтарға жауап іздеп, жеңіске ұмтылады. Грантфиналдық кезеңде қарсыластарынан озық шыққан топ «iBars жеңімпазы» кубогына ие болады.

Жоба жүргізушісі: педагог Азамат Сұлтанқұлов.

Тартысты ой додасы дүйсенбі-жұма 11:20-да «Balapan» арнасынан эфирге шығады.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!