06 маусым 2023 жыл

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Balapan» телеарнасы аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Balapan» телеарнасы аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды


Өтінімдер 2023 жылғы 7 маусымнан бастап 27 маусымға дейін korkemdikkenes@balapan.tv электронды поштасы арқылы қабылданады.

Байқауға қабылданатын жобалардың негізгі бағыты:

- Ғылыми-танымдық бағдарламалар;

- Тарихи тақырыптағы бағдарламалар;

- Балаларды зорлық-зомбылықтан сақтандыру, өзін-өзі қорғауға үйретуге бағытталған жобалар;

- Медициналық бағыттағы бағдарламалар;

- Қиял-ғажайып (фэнтези) жанрындағы жобалар;

- Музыкалық жобалар;

- Қазақстанды мекендейтін, Қызыл кітапқа енген жан-жануарлар туралы бағдарламалар;

- Балалар әндеріне арналған бейнебаяндар;

- «Balapan» телеарнасының туған күніне арналған жоба (мюзикл, шоу, фильм, бағдарлама);

- Жаңажылдық түсірілім (мюзикл, шоу, фильм, бағдарлама);

Байқауға қатысушы компанияның телевизия саласында өндіріс тәжірибесі болуы шарт. Қатысушы компаниялар 27 маусымға дейін көрсетілген электронды поштаға жоба концепциясын ұсынуы шарт. Екінші кезеңге өткен компаниялардан жобаның пилоттық нұсқасы талап етіледі.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!