26 желтоқсан 2022 жыл

«Қазақстан» РТРК «Balapan» телеарнасының 2023 жылға арналған жобалары бойынша аутсорсинг компаниялармен ашық отырыс өтті

«Қазақстан» РТРК «Balapan» телеарнасының 2023 жылға арналған жобалары бойынша аутсорсинг компаниялармен ашық отырыс өтті

📌«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Balapan» телеарнасының келесі жылға арналған анимациялық жобаларының ашық талқылауын өткізді


📝 «Balapan» телеарнасының балалар жобасын өндірушілер арасында жариялаған байқауына 20-дан астам компаниядан 72 жоба келіп түсті. Ұсынылған жобалар арасында оқу-танымдық, ойын-сауықтық анимациялық сериалдар, бағдарламалар, шытырман оқиғалы, қиял-ғажайып және комедия жанрына құрылған хикаялар бар.


Бүгін анимациялық жобалар талқылауы өтті. Конкурстық комиссия іріктеуінен өткен 29 анимациялық сериал «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Көркемдік кеңесінің талқысына ұсынылды. 

🖇 Көркемдік кеңес 29 жоба арасынан 15 анимациялық өнімді Корпорация ұсынған талаптарға сай деп бағалады. Ашық питчинг қорытындысы 2023 жылдың қаңтар айында жарияланады.

🔗 «Balapan» телеарнасы биыл 174 сериядан тұратын 17 анимациялық жоба, 31 сериядан тұратын 2 телехикая, балаларға арналған 17 бағдарлама түсіріп ұсынды.


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!