31 тамыз 2022 жыл

Жаңа маусымда «Balapan» телеарнасы «Білім бәйгесі» атты зияткерлік мегажоба ұсынады

Жаңа маусымда «Balapan» телеарнасы «Білім бәйгесі» атты зияткерлік мегажоба ұсынады

Жобаға барлығы 7-8 жас аралығындағы оқушылардан 1000-нан астам сұраным келіп түсті. Алғашқы кезеңнен өткен 104 оқушы апталық ойын кезеңіне жолдама алды.

🖇Бағдарламаның мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының бойындағы сыни және креатив ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамыту. Телевизиялық жоба сонымен қатар баланың шығармашылық қабілеттерін ашуды көздейді.

⚡️«Білім бәйгесі» 4 қыркүйектен бастап әр жексенбі сайын ⏰10:45 Balapan-да көрсетіледі. 

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!