23 тамыз 2022 жыл

📣«Balapan» телеарнасы Республика күніне орай «Менің туым» көркемсурет байқауын жариялайды.

📣«Balapan» телеарнасы Республика күніне орай «Менің туым» көркемсурет байқауын жариялайды.


📌Балалар жылы аясында ұйымдастырылған байқау шарттары:

🔍Байқауға 5-10 жастағы балалардың жұмыстары қабылданады;

🔍Қатысушы суретті өз қолымен салуы тиіс;

🔍Сурет салып жатқан сәті мен суретінің мазмұны туралы видео түсіріп жіберуі керек (ұзақтығы 30-40 сек.);

🔍Суреттің электронды нұсқасы baiqau@balapan.tv почтасына жолданады;

🔍Суреттің түпнұсқасын «Balapan» телеарнасының мекенжайына жолдау керек (Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көшесі 4);

🔍Қатысушы суреттің келесі бетіне өзі туралы толық ақпаратты жазуы тиіс (аты-жөні, жасы, мектебі, мекенжайы, ата-анасының телефон нөмірі)

🎉Байқау жеңімпазы 25 қазан – Республика күні қарсаңында анықталып, арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқау суреттері 2022 жылдың 23 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында қабылданады.

Қосымша ақпарат үшін 📲87172 75-70-79 нөміріне хабарласуға болады.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!