10 тамыз 2022 жыл

«Balapan» телеарнасының 2023 жылға арналған жобаларына байқау

«Balapan» телеарнасының 2023 жылға арналған жобаларына байқау

«Қазақстан» РТРК «Balapan» телеарнасы 2023 жылға арнап аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды. Өтінімдер 2022 жылдың 10 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында korkemdikkenes@balapan.tv электронды поштасы арқылы қабылданады.

Жобалардың презентациялық және пилоттық нұсқасы міндетті түрде Нұр-Сұлтан қаласы Қонаев көшесі, 4 мекен жайында орналасқан «Balapan» телеарнасының кеңсесіне жеткізілуі тиіс.

Жобалардың жанрлық бағыты:

- Оқу-танымдық анимациялық сериалдар. 0-2, 2-4, 4-6, 6-8 жас аралығындағы балаларға арналған танымдық тақырыптар: қоршаған ортаны тану, айналаны зерттеу, күнделікті тұрмыста кездесетін ұғымдар мен заттарды тану, тұлғалық даму және өмірлік дағдыларды қалыптастыру, кітапқа баулу, тсс;

- Шытырман оқиғалы анимациялық сериалдар. Суперқаһармандар, бүгінгі күннің батырлары туралы хикаялар, қиял-ғажайып және қызық тақырыптарға құрылған оқиғалар, тсс;

- Ойын-сауық анимациялық сериалдар. Балалар әні, музыкалық сауат ашу, әнге құрылған танымдық тақырыптар;

- Оқу-танымдық телевизиялық бағдарламалар. Қоршаған ортамен, ғарышпен таныстыру, келешек мамандықтарды дәріптеу, сауат ашу, баланың өресін арттыратын хабарлар, тсс;

- Ойын-сауық тв бағдарламалар: түрлі тақырыптағы реалити-шоулар, сахналық шоулар, әр түрлі жас категориясына бағытталған ойын түріндегі сайыстар, ертегілер, тсс;

- Ситкомдар;

- Телехикаялар;

- Спорттық жобалар. Отбасылық сайыстар, мұз үстіндегі спорт түрлеріне құрылған жобалар, салауатты өмір салты мен кәсіби спортты насихаттайтын, тсс.

Тілі: Қазақша

Байқауға қатысушы аутсорсинг компанияның анимация, телевизия саласында өндіріс тәжірибесі болуы шарт.

Толық ақпаратты 8(7172)75-70-89 телефонына хабарласып немесе korkemdikkenes@balapan.tv электронды поштасына хат жазу арқылы алуға болады.

«Balapan» телеарнасы Көркемдік кеңес талқысынан өткен жоба авторларына ғана хабарласатынын мәлімдейміз. Іріктеуден өткен анимациялық жобалар үшін арнайы питчинг ұйымдастырылады. Оның өтетін күні компанияларға алдын-ала хабарланады.

Телевизиялық жобаларға арналған байқауға қатысу туралы өтінішті жүктеп алу


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!