14 маусым 2022 жыл

«Balapan» телеарнасы «Білім бәйгесі» атты жаңа зияткерлік мегажобаның қатысушыларына байқау жариялайды

«Balapan» телеарнасы «Білім бәйгесі» атты жаңа зияткерлік мегажобаның қатысушыларына байқау жариялайды

Күзгі маусымда «Balapan» телеарнасының эфирінен шығатын «Білім бәйгесі» атты жаңа зияткерлік жобаның қатысушыларына байқау жарияланды. Бағдарламаға республика бойынша 6-9 жас аралығындағы оқушылар қатыса алады.

Жобаның мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының бойындағы сыни және креатив ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамыту. Телевизиялық жоба сонымен қатар баланың шығармашылық қабілеттерін ашуды көздейді.

Жобаға:

- қазақ тілінде еркін сөйлеп, ойын ашық жеткізе алатын;

- 6-9 жасқа толған (2 сынып бітірген болуы керек);

- сабақ үлгерімі жақсы әрі логикалық ойлау қабілеті жоғары;

- жаңа ортаға тез үйренетін, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете алатын оқушылар қатыса алады;

Егер балаңыз осы талаптарға сай келсе, https://forms.gle/zSjoe4sjN1rGKGCP9 сілтеме арқылы тіркеуден өту қажет.

Тіркеу 2022 жылғы 23 маусымға дейін жүргізіледі. Жоба ұйымдастырушылары тіркеуден өткен үміткерлерге 24 маусымнан кейін хабарласып, іріктеу кезеңіне шақырады.

Қосымша ақпарат үшін байланыс телефондары:

8 771 033 5171

8 771 033 5172

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!