27 мамыр 2022 жыл

«Balapan» телеарнасы «BALAPAN ӘЛЕМІ» республикалық балалар фестивалін өткізеді

«Balapan» телеарнасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп, «Балалар жылы» аясында республикалық «BALAPAN ӘЛЕМІ» атты Open Air фестиваль өткізеді.

Мерекелік шара 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнінде сағат 11:00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласы Есіл жағасындағы амфитеатрда өтеді. Концерттік бағдарламада 800-ге жуық талантты бала және эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Фестиваль аясында ұлттық спорт және ойын-сауық алаңы ұйымдастырылып, асфальтқа сурет салу байқауы өтеді.

«Balapan» әлемі» кітап көрмесі мен шебер балалар дайындаған қолөнер бұйымы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Көңілді аниматорлар мен цирк әртістері де өнер көрсетеді.

Фестивальде Ақтау, Жезқазған, Қызылорда және Семей қалаларындағы балаларға арналған іс-шарадан тікелей қосылым жасалады.

Концертті елорда тұрғындары мен қонақтары ТЕГІН тамашалай алады.

Телеарна көрермені үшін фестиваль «Balapan» арнасынан 12:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетіледі.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!