28 наурыз 2022 жыл

«Менің сүйікті Түрбозаврым» байқауы

«Менің сүйікті Түрбозаврым» байқауы

До, Буль, Зер, Анки, Тор әлде Трак па? Сүйікті Турбозаврың кім?

Турбозаврлар мейірімді, батыл және әрдайым көмек көрсетуге дайын! Мультхикаяның әр бөлімінде Турбозаврлар шытырман оқиғаларға тап болып, көршілеріне көмектеседі, жануарлар мен қоршаған ортаны қорғайды!

Балақай, сүйікті Турбозаврыңның бірімен кезігіп қалдың делік.

Сонда не істейсіңдер? Шытырман оқиға іздеп кетесіңдер ме, әлде ойын ойнайсыңдар ма?

Сауалымызға жауабың болса, біздің «турбобайқауымызға» қатыс! Ойын шарты оңай:

— Түрлі түсті қарындаш, фломастер немесе бояуларыңды ал

— Сүйікті Турбозаврыңның суретін сал

— Суретіңді фотоға түсіріп, парақшаңа жүкте де @balapantv @turbozaurs парақшаларын белгіле (Балақай, байқау уақытына парақшаңды ашып қоюды ұмытпа және міндетті түрде біздің парақшаларымызға жазыл)

—Осы посттың астына «Орындадым» деп жазып, бір досыңды белгіле

Алты жеңімпаз 12 сәуір күні таңдалатын болады! Іске сәт, досым!

#balapantv

#balapan2022

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!