23 желтоқсан 2021 жыл

«Balapan» телеарнасы «Ер Тарғын» мультхикаясын ұсынады

«Balapan» телеарнасы «Ер Тарғын» мультхикаясын ұсынады

Аласапыран кезең орналды. Халық арасындағыауызбіршілікжойылды. Ауылдар арасында қақтығыстар, шабуылдар мен ұрлық кең етек жайды. Әділетсіздіктен зардап шеккен қарапайым халық өз қорғаушысына мұқтаж болды. Ер Тарғын есімді жас батыр халық қамқоршысына айналды. Керемет мықты, батыл, арыстандай айбатты, жүрегі отқа оранған жас жігіт халықты қиыншылықтар мен азаптардан құтқару үшін оларды қорғауға бел буды. Әр батырға сай қару-жарақтың бес түрін жинап, Тарлан деген жүйрік атына мініп, ауылдар арасындағы сапарға шықты. Ер Тарғын ерліктерін көрсетіп, халықты жаудан қорғаған кезде, тағдыр оны хан иелігіне әкелді. Мұнда ол байқаусызда жарысқа түсіп, бәрін артында қалдырады да, көрікті жорғаға мінгенөжет қызбен теңеледі. Екі шабандоз арасындағы қызу тартыс Ер Тарғынның жеңісімен аяқталады, оның Тарлан тұлпарынан ешкім асып түсе алмайды. Екінші болып ханның қызы - сұлу Ақжүніс келеді. Ол – ержүрек қыз болып шықты. Ақжүніс бала кезінен бастап ұлдармен тең дәрежеде жаттығып, батылдықпен де, қару ұстау қабілетімен де ешбір батырдан кем түспейтін. Сарайдағы тұрмыс оған ұзақ уақыттанбері масыл болып, туған жерінде болып жатқан әділетсіздікке алаңдады. Ақжүніс Ер Тарғынның ізгі ісіне қосылуға шешім қабылдап,«Қанатты» деп аталатын боз жорғасына мініп,жүрек жұтқан батырмен бірге жолға шықты.

Екі досты алда көптеген шытырман оқиғаларкүтіп тұр. Олар иық тірестіріп көптеген шайқастарға кезігеді. Өздерінің достық қарым-қатынастарын бірнеше рет сынап көреді. Азап шегушілерге қол ұшын беріп, оларға қайғы-қасіреттен арылуға, бейбітшілік пен әділеттілікті қалпына келтіруге көмектесіп, Ер Тарғын мен оның адал серігі Ақжүніс нағыз батырларға айналады және олардың даңқы қазақ даласындағы жерді жарады.

Мақсаты: Жас көрермендерді халықтың рухани мәдениетін, олардың дүниетанымы мен философиясын толық бейнелейтін халық ауыз шығармашылығының қазынасы - қазақ эпосымен таныстыру. Сонымен қатар, жалпы қазақ мифологиясын және фольклорды танымал ету. Мұның бәрі жас ұрпақты отансүйгіштікке, Отанға, ана тіліне, тарихы мен әдебиетіне деген сүйіспеншілік пен құрмет рухында тәрбиелеуге, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға көмектесетіні сөзсіз.

«Ер Тарғын» анимациялық сериалы аттас батырлар туралы эпостардағы қазақ батырларына арналған жобаның үшінші маусымы болмақ. Алпамыс батыр туралы алғашқы маусымның сәтті тәжірибесі көрсеткендей, балалар өздерінің «туған» кейіпкерлерін жақсы қабылдайды, оларда өздерін тану оңайырақ болады. Керемет күш пен шексіз батылдыққа ие жас батырдың қызықты оқиғалары, әлбетте шетелдік аналогтардың керемет алмастырушысы болады.

Алпамыс, Қобыланды және Ер Тарғын сияқты жарқын және үйірімпаз батырлар жас көрермендерге керемет үлгі болады, оларды батылдыққа, адалдыққа, мейірімділікке, қиын-қыстау кезде қолдау көрсету үшін дайын болуға үйретеді. Олардың мінез-құлық үлгісі баланың көшбасшылық қасиеттерін, сенімділігі мен мақсаттылығын, көпшілдік пен ашықтықты дамытуға көмектеседі, оларды жауапкершілікке және батыл шешім қабылдауға үйретеді.


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!