22 қараша 2021 жыл

«Balapan» арнасында – тұсаукесер! Жуырда «Тәп-тәтті хикая» анимациялық жобасы эфирге шығады

«Balapan» арнасында – тұсаукесер! Жуырда «Тәп-тәтті хикая» анимациялық жобасы эфирге шығады

«Balapan» арнасы «Тәп-тәтті хикая» ұсынады

 «Balapan» телеарнасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәп-тәтті хикая» атты анимациялық жоба ұсынады. Кәмпит кейпіндегі кейіпкерлер балақайларды қоршаған ортамен таныстырып, табиғатқа деген махаббатын оятады.

Мультхикаяның басты кейіпкерлері - Конфи мен Алуа. Хикаяның желісі бойынша олар бөбектерді айналамен таныстырады. Табиғат құбылыстары туралы айтып, жан-жануарлар әлеміне саяхатқа шақырады.

Балаларды көңілді әндер, қызықты оқиғалар, күлкілі сәттер мен танымды әңгімелер күтеді. Конфи және Алуамен бірге уақытты қызықты өткізейік!

«Тәп-тәтті хикая» анимациялық мультхикаясы 6 желтоқсаннан бастап дүйсенбі-сейсенбі күндері сағат 09:30 және 19:20-да «Balapan» телеарнасынан көрсетіледі.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!