03 қыркүйек 2021 жыл

Алматыда «Тұлға болам» атты кітап оқу байқауы өтті

Алматыда «Тұлға болам» атты кітап оқу байқауы өтті

Алматыда Тəуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Тұлға болам» атты кітап оқу байқауы өтті. Шара «Шұғыла» қорының бастауымен Дария Дамыту орталығы ұйымдастырды.

Сайысқа 1-3 сынып, 4-7 сынып, 8-11 сынып оқушылары мен ересектер қатысты.

Қатысушылар қазақ классиктері мен әлем классиктерінің кітаптарын 3 кезенде 3 кітабын оқыды. Әр кезеңнің соңында кітап бойынша онлайн тест алынды.

Шараның мақсаты - жастарды кітап оқуға талпындыру, елде кітап оқу дағдысын жандандыру. Сол арқылы өзіміздің төл құндылықтарымызды санаға сіңіру.

3 кезеңнен тұратын жарысқа барлығы 50 мың қатысушы тіркелді. Солардың ішінен 12 қатысушы финалда жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, байқауға Сарыағаш қаласынан келген бір отбасының балалары Шынарбек Ерсұлтан, Шынарбек Нұрсұлтан, Шынарбек Жанар жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Жеңімпаздарға шетелге саяхат, MacBook, iPad, Apple Watch сияқты бағалы сыйлықтар табыс етілді.


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!