20 мамыр 2021 жыл

Елордада балаларға арналған ең алғашқы экологиялық театр ашылды

Елордада балаларға арналған ең алғашқы экологиялық театр ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында ең алғашқы «EcoQolday» экологиялық театры ашылды.

Ашылуына Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының өкілдері, ӨКМ Операторы, елорданың білім беру мекемелері, эко-белсенділер, оқушылар мен ата-аналар қатысты.

Театр ұжымы премьерасын «Гринейктер хикаясы» атты қойылыммен ашты.

Шығармашылық ұжым балаларға экологиялық мәдениетті өнер арқылы түсіндіруді көздейді. Спектакльге оқушы актерлер мен орыс драма театрының екі кәсіби қоюшы-режиссерлері қатысады.

Мамыр айында эко-театр көрермендерге экологиялық ертегінің негізінде тағы екі спектакль ұсынуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында «Эко-шеберхана» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Сыныпта ҚТҚ-ны бөлек жинау бойынша сабақтар өткізіледі және ескі тұрмыстық электр техникасын бөлшектеп, оны қайта өңдеуге жібереді.


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!