04 қараша 2019 жыл

«Balapan» телеарнасы жариялаған телевизиялық жобалар байқауына өтінім қабылдау аяқталды

«Balapan» телеарнасы жариялаған телевизиялық жобалар  байқауына өтінім қабылдау аяқталды

«Қазақстан» РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасы 4 қыркүйекте аутсорсинг компаниялар арасында 2020 жылға арналған анимациялық және телевизиялық жобаларға байқау жариялаған болатын. Бірінші қарашаға дейін жалғасқан байқауға 53 компаниядан барлығы 162 жоба келіп түсті. Оның ішінде, телевизиялық бағдарламалар жасауға 90, телехикая түсіру бойынша 20, ситком жанрына 6 өтінім тапсырылды. Сонымен қатар, телеарна шытырман оқиғалы және оқу-танымдық жанрдағы 46 анимациялық жобаның өтінімін қабылдады. Аталған жобалар алдағы уақытта Көркемдік кеңес отырысында іріктеледі. Байқау нәтижесі «Balapan» телеарнасының ресми сайты мен Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланады.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!