04 қыркүйек 2019 жыл

«Balapan» телеарнасы үшін телевизиялық жобалардың конкурсын өткізу туралы хабарландыру

«Balapan» телеарнасы үшін телевизиялық жобалардың конкурсын  өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан» РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасы аутсорсинг компаниялар арасында 2020 жылға арналған анимациялық және телевизиялық жобаларға байқау жариялайды.

Байқауға қатысу туралы өтінімдер 2019 жылдың 4 қыркүйегінен 21 қазан аралығында balapantv@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы қабылданады. Жобалардың қағазға түскен презентациялық нұсқасы Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Balapan» телеарнасының кеңсесіне міндетті түрде жеткізілуі тиіс.

Айта кетерлігі, «Balapan» телеарнасының жаңа концепциясына сай, 2020 жылы жас аудиториясы 0 +8 боп өзгереді. Сәйкесінше, ұсыныстар осы жас категориясына лайықталған жобаларға қабылданады.


Анимация бойынша, 0+ және 5+ категориясында шытырман оқиғалы, сондай-ақ оқу-танымдық жанрларға;
Спорттық жобалар, оның ішінде отбасылық шоуларға;
Музыкалық жанр бойынша, республикалық ауқымдағы ән-би фестивальдері, реалити-шоу жобаларға;
Ойын-сауықтық бағдарламаларға, оның ішінде отбасылық шоуларға;
Оқу-ағартушылық, танымдық бағыттағы 0+8 аудиториясына лайықталған жобаларға;
Телесериал және ситком жанры бойынша да көрсетілген жас ерекшеліктерге сай келетін, қызық жобаларға өтінім тапсыруға болады.

Сонымен қатар, 2020 жылы «Balapan» телеарнасының 10 жылдық мейрейтойына орай, жыл бойы ел аумағындағы балаларды түгел қамтитын, қорытындысы қыркүйек айында мерекелік думанмен түйінделетін мега реалити-шоуға тапсырыс қабылданады.

Жобалар тілі: Қазақша
Жобаларға қойылатын негізгі талаптар: 
- ҚР аумағында хабар тарату мен телевизия саласы жөніндегі ҚР заңнамасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы;
- Ұсынылған жобалардың (анимация және сериалдар бойынша) пилоттық нұсқасы болуы;
- Байқауға қатысушы компанияның телевизия саласындағы жалпы жұмыс өтілі, ұсынылған бағдарламадан басқа да шығармашылық жұмыстары болуы тиіс.

Толық ақпаратты 8(7172)75-70-89 телефонына немесе balapantv@kaztrk.kz электронды поштасына хабарласып алуға болады.

 

Телевизиялық жобаларды іріктеуге арналған байқауға қатысу туралы өтінішті жүктеп алу

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!