28 сәуір 2018 жыл

«Менің Қазақстаным» республикалық видео-байқауына бейнеүзіктер қабылдау уақыты ұзартылды

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан» РТРК» АҚ «balapan» телеарнасы барлық балаларға арналған  «Менің Қазақстаным» конкурсын жариялаған болатын.

 
Байқауға еліміздің барлық аймағынан  7-12 жас аралығындағы балалардың  туған жері туралы түсірген бейнеүзіктері келіп түсуде.  

 

Достар, сендердің де біздің байқауға қатысып, жеңімпаз атануға мүмкіндіктерің бар. Ол үшін төменде көрсетілген сұрақтар бойынша өз пікіріңді білдіріп (1-жақта), бейнеүзік (ұзақтығы 1 минутқа дейін) түсіріп жолдауың керек.

-Аты-жөнің? Жасың? Туған жерің?

-Еліңнің дамуына қалай үлес қосып жүрсің? (өнер-білім, спорт саласындағы жетістіктері, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытуы, қоршаған ортаға қамқор болуы, айналасындағы адамдарға көмектесуі) 

-«Менің Қазақстаным...». Сөйлемді  жалғастырып, өз ойыңды жеткіз.

-Алға қойған мақсатың? Болашақта кім болғың келеді? Отаныңа қалай қызмет етесің? 

 

Үздіктерді анықтау үшін арнайы сарапшы топ құрылып, іріктеу барысында қатысушының  ойын толық жеткізуі, тапқырлығы, ерекше қасиеттері, өнер, білім, ғылым және спорт салаларындағы жетістіктері ескеріледі. 


Түсірілген бейнеүзіктерді +7 702 948 09 15 WhatsApp нөміріне  және Instagram желісінде @balapan_baiqau аккаунтына жолдай алады. Сондай-ақ, Instagram-дағы өз аккаунттарынан #balapanbaiqau, #balapan2018 хэштегтері арқылы видео жүктей алады. Енді, бейнеүзіктер 2018 жылдың  5 мамарына   дейін қабылданады.

 

Жеңімпаздар «balapan» арнасының бағдарламаларына қонақ ретінде шақырылып, Астананың мәдени нысандарымен танысып, бас қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасау мүмкіндігіне ие болады.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!