19 ақпан 2018 жыл

«balapan» телеарнасы аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды

«balapan» телеарнасы аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды

«Қазақстан» РТРК» АҚ «balapan» телеарнасы аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды.

Байқауға қатысу туралы өтінімдер 2018 жылғы 20 ақпан – 6 наурыз аралығында Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 үй, Қазмедиа орталығы, 18-қабат, «balapan» телеарнасында қабылданады.

Бағдарламаның жанрлық бағыты:     

Бағдарлама жанры

 

Бағыты

Ұзақтығы (минут)

Аудиториясы

1

Ойын-сауықтық бағдарлама (ең кішкентай бүлдіршіндерге арналған)

 

Телебағдарлама

15-20 минут

 

0+

2

Оқу-танымдық, анимациялық бағдарлама

 

Анимациялық сериал

5-7  минут

            4+

3

Танымдық бағдарлама (тарихи, мәдени)

 

Телебағдарлама

10 минут

6+

4

Кешкілік ертегі

 

Телебағдарлама

10 минут

0+

5

Телехикая (мектеп өміріне негізделген)

 

Телехикая

10 минут

6+

6

Телехикая (fantasy)

Телехикая

40 минут

 

6+

 

7

Анимациялық  (еркін тақырыпта)

 

Анимациялық сериал

10 минут

0+

8

Анимациялық  (танымдық)

Анимациялық сериал

3-7 минут

 

 

0+

9

Этно-танымдық (реалити шоу)

 

Телебағдарлама

25 минут

6+

10

Классикалық музыка

 

Телеконцерт

 

35-40 минут

6+

11

Оқу-танымдық бағдарлама  (жаңа технологияларға негізделген)

 

Телебағдарлама

10 минут

6+

12

Спорттық  шоу (би жанрлары бойынша)

Телебағдарлама

 

15 минут

6+

 

Тілі: Қазақша

Ұсынылған бағдарламаға қойылатын талап:

ҚР аумағында хабар тарату мен телевизия саласы жөніндегі ҚР заңнамасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек. Аутсорсинг компанияның телевизия саласындағы жалпы жұмыс өтілі, ұсынылған бағдарламадан басқа да шығармашылық жұмыстары ескеріледі.

Толығырақ ақпаратты 8 (7172) 55-34-12 телефонына хабарласып немесе balapan@kaztrk.kz электронды мекенжайы арқылы ала аласыздар.

Қатысушылар мына жерде көрсетілген сілтемеге өтіп, талаптарды толтыруы керек.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!