02 қараша 2018 жыл

«Саяхатшы балапан». Лондондағы саяхаттың жалғасы

Достар, Лондондағы шолу дөңгелегінің әлемге әйгілі екенін білесіңдер ме? 
Бастапқыда оны мыңжылдық шолу дөңгелегі деп те атаған  Өйткені, ол 1999 жылы ашылған. Жыл сайын мұнда айналу үшін үш миллион саяхатшы келеді екен. 
Лондонға келсеңіз міндетті түрде Гринвич обсерваториясына барғаныңыз жөн. Өйткені, біріншіден, осы жерден нөлдік меридиан өтеді. Яғни, Шығыс пен Батыстың кездесетін сызығы. Екіншіден, әрдайым Гринвич уақытын көрсетіп тұратын Шепард сағатын көре аласыз. Сонымен қатар, мұнда Лондонның ең әдемі панорамалық көрінісін тамашалай аласыз. Лондонда уақыт өткізудің жүздеген, миллиондаған тәсілдері бар. 
«Мен, мысалы, мұражайға барғанды жақсы көремін. Әсіресе, жаратылыстану мұражайына саяхаттауды ұнатамын. Бұл мұражайға кіру тегін екенін білгендеріңіз жөн. Сіздерге айтар тағы бір кеңесім, күн ашық болса да, өздеріңізбен бірге әрдайым қолшатыр алып жүріңіздер. Өйткені, бұл –Лондон», -дейді біздің саяхатшы балапан Анел Рамазанова.
Сендер де өз саяхаттарыңды видеоға түсіріп, жолдасаңдар болады. Ол үшін инстаграмда  #саяхатшыбалапан хэштегін белгілеп немесе balapantv@kaztrk.kz электронды мекенжайына жіберіңдер.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!