12 қазан 2018 жыл

«Саяхатшы балапан». Әнел Рамазанова Лондонда

Біздің кішкентай досымыз Әнел Рамазанова бұл жолы Лондон қаласын сендермен бірге зерттейтін болады. 
Біріккен Корольдіктің астанасы Лондонда жүрген Әнел «қаланың көрікті жерлерін аралау үшін әйгілі қос қабатты арнайы туристтік автобусты және өзен круиздерін пайдалану тиімді», - дейді. 
Айтуынша, ол жақта көпірлер көп. Ал, ең танымалы «Тауэр» көпірі екен. Ол екі үлкен мұнарадан тұрады және жылжымалы кемелерді өткізу үшін көпірдің орталық бөлігі ашылады.
Егер, Лондонға жолыңыз түсіп, саяхаттауға қатысты сұрақтарыңыз туындаса, еріктілерден кеңес алулаға болатынын ұмытпаңдар. Жексенбі күні саяхатымыздың жалғасын міндетті түрде көріңдер.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!