04 шілде 2018 жыл

Саяхатшы балапан Ыбырай Нұрмаханбет Кембриджден сәлем жолдайды

Ол өз видеосында атақты Кембридж университетін таныстырды.
Достар, сендер білесіңдер ме, 2000 жылдық тарихы бар Кембридж қаласы «Кем» өзенінен өтетін көпірдің мағынасын білдіреді. Кембридж университетінде 7 млн астам кітап бар. Бұл оқу орынында 100-ден асқан «Нобель» сыйлығының иегерлері оқып шыққан. Қаланың ең көп тұрғындары студенттер мен ұстаздар екен.

Досым, сен де өз саяхатыңды видеоға түсіріп, «balapan» арнасының эфирінен көргің келе ме? Онда, түсірген бейнеүзігіңді #саяхатшыбалапан хэштегімен белгілеп инста парақшаңа жүкте немесе balapantv@kaztrk.kz электронды мекенжайына жолда.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!