02 сәуір 2018 жыл

«Саяхатшы балапан». Әнел Рамазанова

Ұлыбританияның Кардифф қаласында тұратын саяхатшы балапан Әнел Рамазанова өз видеосында сендерді Кардифф қамалымен таныстыруда. 

 


Қаланың басты тарихи орындарының бірі саналатын Кардифф қамалы саябақ аумағында орналасқан. Бұл қамалдың 2000 жылдық тарихы бар. Қазіргі таңда бұл қамал саяхатшылар арасында өте танымал. Барлығы осында келіп, оның ғажайып бөлмелерін зерттеп, мұнараның жоғарғы жағынан әдемі көріністі тамашалай алады. Ол Нормандия мұнарасы деп аталады. Мұнараның жоғарғы жағына көтерілу оңай емес, бірақ бұл оған тұрарлық дейді, - біздің кішкентай саяхатшы балапан.

 

 

Достар, сендердің де өз саяхаттарыңды бізге түсіріп, «balapan» арнасының эфирінен көруге мүмкіндіктерің бар. 
Ол үшін #саяхатшыбалапан хэштегін белгілеп немесе balapantv@kaztrk.kz электронды мекенжайына өз видеоларыңды жолдасаңдар болғаны.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!