28 ақпан 2018 жыл

«Саяхатшы балапан». Мәрия Мұрат (ВИДЕО)

Достар, бүгін біз Мәрия Мұратпен бірге Малазия еліне саяхат жасаймыз. 
Ол өз видеосында Малазияның  Куала-Лумпур қаласындағы  ең ірі және өте маңызды ғимараттардың бірі –«Рetronas Towers»-пен таныстырады. 
Нысан 1996 жылы 1 наурызда салынып біткен. Егіз мұнараның биіктігі - 451,9 метр және әрқайсысы 88 қабаттан тұрады. Бұл ғимаратта аспан көпірі мен сауда орталығы бар. 
Сендер де өз саяхаттарыңды түсіріп, #саяхатшыбалапан хэштегімен бізге жолдай аласыңдар! Электронды мекенжайымыз: balapantv@kaztrk.kz 

 

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!