24 ақпан 2020 жыл

«Balapan» телеарнасы жариялаған байқау қорытындысы туралы ақпарат

«Balapan» телеарнасы жариялаған байқау қорытындысы туралы ақпарат

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Balapan» телеарнасы кішкентай көрермендерінің сұранысын ескере отырып жас категориясын 0+12-ден 0+8-ге өзгертті. Өзгерістен кейін бағдарламалар саны азайып, мульфильмдер көбейді. Бұрын эфирдегі анимация үлесі 60% болса, 2020 жылы 80%-ға жетті. 

Эфирдегі жаңалық көп күтпей өз нәтижесін берді. Өткен жылы арнаның орташа рейтингтік үлесі 4.5% болса, ал биылғы жылдың екі айында  бұл көрсеткіш 6.4%-ға жетіп, арна көрермендерінің саны  42% көбейді. Сондықтан да "Balapan" арнасы алдағы уақытта осы нәтиже мен аудитория сұранысын ескере отырып, мульфильмдерге басымдық беруді жоспарлап отыр. 

«Вalapan» балаларға арналған контентті, соның ішінде отандық анимацияны дамыту әрі қолдау мақсатында аутсорсингтік компаниялар арасында байқау жариялаған болатын. Нәтижесінде 54 компаниядан 170 жоба түсті, оның 45-і Көркемдік кеңеске ұсынылды. 

Корпорация басшылығы 2020 жылдан бастап жобалар өндірісін кезең-кезеңмен жүзеге асыру туралы шешім қабылдауына байланысты  көктемгі маусымда 8, ал қалған жобалар жазғы және күзгі маусымда жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.

Байқауға қатысты басқа да  ақпаратты balapantv@kaztrk.kz поштасына немесе +7(7172)757-089 нөміріне хабарласып алуға болады.  

 

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!