6 ақпан күні елордада республикалық «Жас журналистер 2019» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға байқаудың ұйымдастырушысы «Түркітілдес журналистер қорының» жетекшісі Назия Жоямергенқызы, «Balapan» арнасының директоры Мақпал Жұмабай қатысты.
⠀
Ләйлім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа эстафета жолдап, бүкіл ел қолдаған челленджді бастап, көпшілікке танылған еді.
⠀
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. «Balapan» арнасының директоры Мақпал Жұмабай еліміздегі балаларға арналған басты арнаның 10 жылдық мерейтойына байланысты өткізілетін іс-шаралармен таныстырды.
⠀
Марапаттау рәсімі «Kidburg» кәсіптер қалашығында өтті. Ол жерде «Balapan» арнасының студиясы орналасқан.