29 қараша 2019 жыл

«Balapan» телеарнасына шетелден қонақтар келді

«Balapan» телеарнасына шетелден қонақтар келді

Атап айтқанда, Түркиядағы «Қазақ елі» журналының жауапты-шығарушы редакторы Ертолқын Гайретуллах, Ирандағы «ParsToday» ақпарат агенттігінен Гаухар Жұмағазықызы, журналист Жапарбай Шадкам, журналист-аудармашы Мұса Уәли телеарнамыздың тыныс-тіршілігімен танысып, арнамыз жайлы пікірлерін ортаға салды. Әңгіме барысында Иран мен Түркиядағы қазақ балаларының «Balapan» телеарнасының өнімдерін іздеп қарайтынын тілге тиек етті.
Қонақтар телеарнамызды келе жатқан 10 жылдық мерейтойымен құттықтап, тілек-лебіздерін білдірді.
Кездесу соңында «Balapan» директоры Мақпал Жұмабай келген қонақтарға алғыс білдіріп, телеарна атынан арнайы сыйлықтар табыстады.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!