10 шілде 2019 жыл

«balapan» телеарнасы кішкентай көрермендері арасында ұлы ақын Абайдың шығармашылығын жатқа оқу эстафетасын бастайды

«balapan» телеарнасы кішкентай көрермендері арасында ұлы ақын Абайдың шығармашылығын жатқа оқу эстафетасын бастайды

«balapan» телеарнасы кішкентай көрермендері арасында ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ақын өлеңдері, қара сөздері мен поэмаларынан үзіндіні жатқа оқу эстафетасын бастайды.

Ол үшін #balapan_Abai175 хэштегін белгілеп, ақынның шығармаларынан үзінді жаттап, өз парақшаңа 1 минуттық видео жүкте.

Ал, постыңа өз аты-жөніңді, оқыған шығармаңның тақырыбын жазып, эстафетаны жалғастыратын адамның парақшасын белгілеуді ұмытпа!

Өздерің білетіндей, «balapan» арнасының жүргізушісі Ләйлім-Шырақ дәл осы эфстафетаға қатысып, өз кезегін ел президентi Қасым-Жомарт Тоқаевқа@tokaev_onlain, министр Дəурен Абаевқа @daurenabayev жəне əншi Сəкен Майғазиевке @saken_maigaziyev ұсынған еді. Қуантарлығы, президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Ләйлімнің ұсынысын қабыл алып, өзінің ресми парақшасында Абай атамыздың жырын оқып жариялады. 

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!