05 маусым 2019 жыл

«balapan» телеарнасында жазғы маусым

Телеарнамыз кішкентай көрермендеріне жазғы демалысқа тосынсый дайындап қойды. Маусым айында сиқырға толы ғажайып анимациялық жобалар, қызық та пайдалы бағдарламалар кішкентай көрермендерімізге жол тартпақ. 


Алпан қалаларды кішірейту мақсатынан неге бас тартты?! Бұлан достарын роботтардан құтқару үшін қандай айлаға барады?! Еркілікті түпкілікті жеңген Айдарды қандай қауіп күтіп тұр?! Бұл сұрақтардың жауабын жазғы маусымда эфирге шығатын «Айдар», «Ертемір», «Дала ойындары» анимациялық хикаяларының екінші маусымынан табасыздар. 


Сонымен қатар, «Жұмбақ жерде» құпия әрі тылсым жерлердің сырын ашып, «Сезім қаласының» жаңа тұрғындарымен таныс боласыздар. «Сиқырлы бөлмеде» ертегілер еліне саяхаттап, «Алтын қазық» этно-танымдық бағдарламасында ұлттық құндылықтармен жақынырақ танысасыздар. «Әмиян» қаржылық сауаттылықты арттыруға септігін тигізсе, «Дос болайық» бағдарламасында ерекше балалардың аяулы армандарын орындауға тырысамыз. 
Бақытты балалық мекенінде бізбен бірге болыңыздар! 

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!