30 мамыр 2019 жыл

Балаларды қорғау күніне арналған "balapan" арнасының мерекелік концерті өтті

Балаларды қорғау күніне арналған

Бүгін MEGA SilkWay сауда орталығында "balapan" арнасының ұйымдастыруымен 1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған "balapan alemi" атты мерекелік концертіміз өтті. Шараға "Нұрсаулем -ай" би ансамблі, жетігеншілер, сазсырнайшылар, цирк әртістрі мен жас енерпаздар  қатысты. Концертке  келген балалар жүргізушілермен  түрлі ойындар ойнап, күміс көмей әншілердің  әнін тыңдап, мың бұралған бишілердің биін тамашалады.  Сондай-ақ цирк әртістері де өз өнерлерін ортаға салды. Ал біздегі "Сезім қаласының" кейіпкерлері балақайлармен жақынырақ танысып, қызықты ойын ұйымдастырды. Ойынға қатысқан белсенді балалар арнамыздың арнайы сыйлығына ие болды  

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!