24 мамыр 2019 жыл

«Дұрыс-бұрыс» бағдарламасы «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығының "Үздік балалар бағдарламасы" номинациясын жеңіп алды

«Дұрыс-бұрыс» бағдарламасы «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығының

Бүгін «balapan» арнасының төл өнімі - «Дұрыс-бұрыс» бағдарламасы Қостанай қаласында тұңғыш рет өткен «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығының "Үздік балалар бағдарламасы" номинациясын жеңіп алды!


Бұл марапаттың құрылтайшысы - "Республика-Өңір-Даму" қоғамдық қорының “Халықтың сүйіктісі” ұлттық сыйлығы. «Жыл адамы», «Халық сүйіктісі» жүлделеріне ұқсас бұл сыйлық қоғам алдында белсенділігімен ерекшеленген мектеп жасындағы балалар мен балалар ұйымдарына арналған. 


Биыл байқауға 14 номинация бойынша республикадан 300-ге жуық өтініш келіп түскен. Ал "Дұрыс-бұрыс" бағдарламасының бұл сайыста жеңіске жетуі біз үшін ерекше қуаныш. Себебі аталмыш жобаны көп баланың көңілінен шыққан біздің талантты əрiптестерiмiз Еңлік Малғажина мен марқұм Бағлан Құтжан жүргізген еді. Осы бағдарламаның барлық бөлімін біздің "YouTube" арнамыздан көре аласыздар.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!