09 мамыр 2018 жыл

9 мамыр –Жеңіс күні

9 мамыр –Жеңіс күні

Бүгін – Жеңіс күні. КСРО-ның неміс  фашистермен болған ІІ Дүниежүзілік соғысы кезіндегі жеңіске жеткен күні. Бұл 1941-1945 жылдар аралығын қамтиды. 

1941 жылдың маусымында басталып, үздіксіз 5 жылға, яғни 1 418 күнге созылған сұрапыл соғысқа Кеңес одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар қатысқан. Бұл соғысқа Қазақстан Кеңестер Одағының бір бөлігі ретінде қатысты. Қазақстан соғыс уақытында майдан қажетіне қарай бейімделді. Көптеген әскери дивизиялар мен бригадалар, артиллерия, миномет, авиация полктері және дербес батальондар құрылды. Қазақстан жауынгерлері кеңес-герман майданының шешуші шайқастарына қатысты. Соғыстың алғашқы сәтінде шекара шебіндегі Брест қорғанысын қорғаушылар қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды.

1941 жылғы қыркүйектің аяғында басталған Мәскеу түбіндегі шайқаста генерал И.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы ерекше көзге түсті. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-гвардияшыл атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Сонымен қатар, соғыс жылдары Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық түрлі полктер, батальондер  құрылып майданға аттанды. Жауынгерлері жаумен жан аямай шайқасқан қазақстандық 5 әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына бірнеше мәрте ордендер қадалды. Соғыс кезінде 3 жарым мыңдай қазақстандық партизан отрядының құрамында болып, жеңісті жақындатуға өз үлесін қосты. Жанқиярлық ерлігі мен батырлығы үшін 96 мың 638 қазақстандық жауынгер бірнеше мәрте орден және медальдармен марапатталды. 497 жерлесіміз Кеңес одағының батыры атанды. Олардың 97-і қазақ болатын. 142 жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері болды.

1945 жылы 9 мамырда Кеңес қызыл армиясы Германияның астанасы Берлин қаласының төбесіне Жеңіс туын тікті.  Бұл жыл сайынғы аталып өтетін мейрамның ерекше және құрметтi орны бар. Біздің болашағымыз үшін құрбан болған миллиондаған адамдарды еске түсіру үшін, әрбір қазақстандық бұл мерекені Отанға деген сүйіспеншілігінің нышаны ретінде атап өтеді.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!