05 мамыр 2018 жыл

«Менің Қазақстаным» видеобайқауы мәресіне жетті

«Менің Қазақстаным» видеобайқауы мәресіне жетті

«balapan» арнасы ұйымдастырған «Менің Қазақстаным» видеобайқауы мәресіне жетті. Балалар арасындағы сайыс 15 сәуір күні басталған болатын.  Осы уақыт аралығында Қазақстанның әр түкпірінен видео жолдаған 504 баланың жұмысын қабылдап, әлеуметтік желідегі парақшамызға жарияладық.

Кішкентай бүлдіршіндеріміз еліміздің көптеген көрікті, киелі жерлерін көрсетіп, тариxымен бөлісті. Олардың елім деп соққан жүрегінің дүрсілін сезгендей болдық.

Ерекше белсенділік танытқан Оңтүстік Қазақстан облысы мен Маңғыстау облысының балақайлары болды. Әр бүлдіршін туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін жеткізді. Болашақтағы армандарымен бөлісті.

Қазірден баласының бойына ізгі қасиеттерді сіңіріп жүрген ата-аналарға, ұстаздарға алғыс білдіргіміз келеді. Біздің де мақсатымыз - әрбір Қазақстан азаматының жүрегінде болуы тиіс патриоттық сезімді өскелең ұрпақтың санасына ерте бастан сіңіруге үлес қосу болатын.

Еліміздің әр аймағынан видео жолдап, белсенділік танытқан баршаңызға алғыс білдіреміз.

Айта кетейік, «Менің Қазақстаным» видеобайқауының қорытындысын  14 мамыр күні жариялайтын боламыз.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!