15 ақпан 2018 жыл

Бүгін - ұлт мақтанышы, қазақтан шыққан тұңғыш режиссер Шәкен Аймановтың туған күні

Бүгін - ұлт мақтанышы, қазақтан шыққан тұңғыш режиссер Шәкен Аймановтың туған күні

1914 жылы 15 ақпанда актер, кинорежиссер Шәкен Кенжетайұлы Айманов  қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Шаһкерім. Ауыл мектебін бітіріп, Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 жылы Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады. 1953 жылы театрдан киноға ауысады. Өз мамандығының хас шебері ретінде Шәкен Айманов өз кейіпкерлерін сомдағанда көзтартар іс-қимылдар жасаумен қатар, оның ішкі дүниесін ашуға тырысатын. Режиссерлік қызметі барысында Айманов кинофильм мазмұнын жан- жақты ашып, ой толғамдармен қызықтырып, көркемдік жағынан суреттеген.. Дарынды актер, шебер режиссер қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі болып, қазақ өнерінің жанданып, дамуына  үлкен үлесін қосты.

Өздерің білетін «Алдар Көсе» фильмінің сценарий авторы, қоюшы-режиссері, басты рөлді де өзі сомдаған. Сондай-ақ, «Атамекен»,  «Атаманның ақыры» «Тақиялы періште», «Біздің сүйікті дәрігер» және тағы да басқа  фильмдер түсірген.. Қазіргі таңда, Алматы қаласының көшесі  және «Қазақфильм» студиясы  Шәкен Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған. Павлодар қаласында Шәкен Айманов атындағы кинотеатр бар екен.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!