Басты Жаңалықтар «Сақ» киностудиясы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мультфильм түсіруде

«Сақ» киностудиясы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мультфильм түсіруде

«Сақ» киностудиясы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мультфильм түсіруде

«Қазақ елі» атты толықметражды туындыда елдің тарихы, Керей мен Жәнібектің балалық шағы, ондағы хандардың билік құрған дәуірі көрініс табады.

Барақ ханның бейнесін аниматор Жанәділ Байдарбеков суреттеуде.

Маманның сөзіне сенсек, алып кейіпкердің әрбір секундық қимылын жасау үшін кемінде 25 сурет салынады.  

«Ханның әрбір қимылын қағазға, компьютерде салмас бұрын оның  образына енеміз, соның қылықтарын жасап көреміз. Рөлді өзіміз ойнап шығамыз. Актер болып, соны жасай отырып, кейіпкерге жан бітіреміз», - дейді аниматор Жанәділ Байдарбеков.

«Мультфильмде біз табиғаттың көрінісін 3D форматы арқылы көрсетіп, қолмен салынған суретпен қосып, қолданып жатырмыз. Мұндай жаңалық Қазақстанда әлі күнге болмаған. Ресейде де қолданылмаған. Бірақ біз қазір осыны қолдан келгенше кәсіби түрде жасап жатырмыз», - дейді туындының режиссері Батырхан Дәуренбеков.

 

www.kaztv.kz

Бөлісу