«Қазақстан» РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасы өндіруші компаниялар арасында тележобалар байқауын жариялайды
«Қазақстан» РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасы өндіруші компаниялар арасында тележобалар байқауын жариялайды
Байқау 2026 жылғы 8-18 шілде аралығында өтеді. Байқауға ұлттық құндылықтарды насихаттайтын, балаларға салауатты өмір салтын қарапайым әрі қызықты тілде түсіндіретін, отансүйгіштікке тәрбиелейтін, қоғамдық ортадағы әдеп нормаларын қалыптастыратын, кітап оқуды дәріптейтін, жасанды интеллект негіздерімен таныстыратын, табиғатты қорғауға үндейтін, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және инклюзивті ортаны қалыптастыруға бағытталған тың жобалар қабылданады.
Байқауға қабылданатын жобалардың жанры:
Анимациялық сериалдар:
танымдық;
шытырман оқиғалы;
қиял-ғажайып;
ғылыми фантастика;
Бағдарламалар:
білім-ғылым;
қоғамдық-ағартушылық;
танымдық, интеллектуалдық;
спорттық;
музыкалық;
Байқауға қатысушы компаниялардың телевизия саласында өндірістік тәжірибесі болуы тиіс.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 8-18 шілде аралығында korkemdikkenes@balapan.tv электрондық поштасы арқылы жүзеге асырылады.