Басты Жаңалықтар «Balapan» арнасында жаңа сериал көрерменге жол тартады

«Balapan» арнасында жаңа сериал көрерменге жол тартады

«Balapan» арнасында жаңа сериал көрерменге жол тартады

 Оқиға 10 жастағы Нұрдәулеттің ауылдан қаладағы спорт мектебіне ауысып келуінен басталады. Ол қазақ күресінен чемпион болып, әкесінің сенімін ақтауды армандайы. Нұрдәулеттің жатақханадағы бөлмесіне тағы екі спортшы бала келіп жайғасады. Оның бірі – Әлібек. Өзі шахматшы. Ақылды болғанымен адамдармен тіл табысуы қиын, логикаға көбірек сүйенетін бала. Ал екіншісі - Тимур. Ол спорт мектебіне әкесінің қалауымен келген.Әзілқой, ортаға тез сіңетін, өз влогын жүргізетін шығармашыл бала. Камера алдында өзіне сенімді көрінгенімен, іштей кім болғысы келетінін әлі де түсінбейді. Бастапқыда үшеуі бір-бірін қабылдай алмайды. Бірақжатақхана бөлмелері арасында өтетін чемпионат туралы естігенде, амалсыздан бір командаға айналады. Осы сәттен бастап сериалдың комедиялық әрі драмалық оқиғалары өрбиді. Ортақ мақсат жолында үш бала түрл бәсеке мен қолдау, реніш пен кешіре білу арқылы шынайы достықтың не екенін, тәртіп пен достықтың маңызын түсіне бастайды. Жаттығу залындағы қиындықтар, дайынық барысындағы кедергілер,  жарыстағы жеңілістер және балалардың ауырып қалуы секілді күтпеген сәтсіздіктер оқиғаны шиеленістіре түседі. Соңғы серияда Нұрдәулет шешуші жарысқа қатысып, чемпион атанады. Бірақ бұл телехикаядағы  басты жүлде медаль емес. Бір-бірін өзгертіп, қолдау арқылы нағыз командаға айналған жігерлі балалардың достығы нағыз жеңіс боп саналады.

Бөлісу