26 ақпан 2025 жыл

«Шоқан. Қашқария сапары» анимациялық фильмі

«Шоқан. Қашқария сапары» анимациялық фильмі

🔹20 наурыздан бастап «Шоқан. Қашқария сапары» анимациялық фильмі прокатқа шығады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Balapan» телеарнасы «Шоқан. Қашқария сапары» атты толықметражды анимациялық фильмін ұсынады.

🔸Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай түсірілген туынды ғалымның әйгілі Қашқария экспедициясына негізделген. Мультфильмнің оқиғасы 1858 жылы Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға жасаған саяхатынан бастау алады.

Сюжет желісі бойынша 8 жасар Азат сиқырлы уақыт компасы арқылы өткенге тап болып, Қашқарияға бағытталған керуенге қосылады. Осылайша, қазіргі заманғы кейіпкер мен ұлы зерттеушінің тағдыры тоғысып, көрермендерді тарихи шындық пен фэнтези элементтері үйлескен шытырман оқиғаға жетелейді.

📌Анимациялық фильм 20 наурыздан бастап көктемгі каникул мерзімінде Қазақстанның барлық қалаларындағы кинотеатрлар желісінде көрсетіледі.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!