26 тамыз 2024 жыл

😍«Balapan» телеарнасының балаларға күзгі маусымға тартуы

📺 Жақында «Balapan» арнасының эфирінен «Еркем-ай» атты балабақша жасындағы бүлдіршіндерге түстер, жемістер, жануарлар, пішіндер жайлы танымдық ақпараттар беретін жоба жарық көреді.

🔹«Кішкентай зерттеушілер» – әр серияда кішкентай ұл-қыз бен анимациялық кейіпкерден құралған жүргізуші топ ғылыми зерттеулер жүргізетін фантастикалық тележоба.

🔹«Қайырлы түн, балапан!» бұл жоба арқылы күні бойы асыр салып ойнаған бүлдіршіндер ертегі әлеміне сапар шегіп, тәтті ұйқыға батады.

🔹«Ойзерек» – отбасылық көңілашар бағдарлама.

🔹«Ағылшын әліппесі» балаларды ағылшын тілінде еркін сөйлуге байлитын, сөздік қорларын байытатын түрлі локацияда түсірілген танымдық жоба.

🔹«Көңілді асхана» – кулинарлық квест-шоу.

🔹«Дара бала» мегажобасы Қазақстанда және шет елден келген балалардың таланттарын көпшілікке көрсетуге арналған бағдарлама. Жобаға қатысушылардың қабілетіне қарай арнайы мамандар шақырылады.

🔹«Менің мекенім» мұнда кішкентай көрермендер өздеріне өте қызық, әрі олар үшін әлі де құпия болып саналатын әлеммен танысады.

🔹«Бізбен биле!» – бала хореограф пен анимациялық кейіпкерлердің қозғалыстарын қайталай отырып, билеуді үйренетін қызықты және энергияға толы шоу.

🔹«Арни» бағдарламасының басты кейіпкері жас көрермендерге балалардың ой-өрісін кеңейтуге көмектесетін пайдалы ақпарат пен қызықты фактілермен бөліседі.

📌Сондай-ақ күзгі маусымда «Balapan» өз көрермендеріне «Біл, бала!», «Көжектер», «111», «Жігерлі достар», «Мойнақ», «Ақылды тентектер», «Шоқан», «Мақтақыз» атты су жаңа мультхикаяларын ұсынады.

Сонымен қатар сүйіп көретін «Тоқты мен Серке», «Желаяқ», «Тұлым», «Ақжелкен» атты мультхикаялар жалғасын тапты.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!