Бүгін - Құрбан айт мейрамы
Құрбан айт - барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам. Ол Ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, үш күнге созылады. Бұл күндер Меккеге қажылықпен аяқталады.
Биыл Құрбан айт мерекесі 24-26 қыркүйек күндері аталып өтеді.
Қажылыққа барған тәуап етушілер мен оған себепті жағдаймен бара алмағандарға Айт күндері ортақ ғибадат - құрбандық шалу. Бұл - айтулы мерекенің ең маңызды амалы. Құрбандық деп құрбан айт күндерінде ғибадат ниетімен шалынатын малды айтады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен еліміз биыл Құрбан айт мейрамын ұлттық нақышта атап өтпек.
Айта кетейік, ҚР Еңбек Кодексінің 96-бабы 4-тармағына сәйкес, Құрбан айт мейрамының бірінші күні демалыс күні болып саналады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02