Бүгіннен бастап «Экстремалды футбол» мультхикаясы қайта көрсетіледі
Көрермендердің сұрауы бойынша «Экстремалды футбол» мультхикаясы қайта көрсетіледі.
Экстремалды футбол – спорттың жаңа түрі. Бұл тек қана доп қуу емес, ойын акробатиканы, жоспарлауды, ойыншының ептілігін қажет етеді.
Мультфильмде бас кейіпкер экстремалды футболға қатысу үшін достарының арасынан команда жинайды. Қорғаушы, қақпашы, шабуылдаушыларды бекітеді.
Ал, өзі команда капитаны болады. Олар жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан сауда орталығының жертөлесінде жаттығады. Қарсылас топты жеңу үшін түрлі айла-тәсілді ойлап табады.
Тартысқа толы мультхикаяны бүгіннен бастап, сағат 12:00-де «Балапан» телеарнасынан тамашалай аласыңдар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02