Ерекше талантты балдырғандар мен кішкентай қаһармандарды «Балапан» жүлдесіне ұсыныңыздар!
Бәйгеге республикалық, халықаралық сайыстарда жеңіс тұғырынан көрінген 5-12 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Аталмыш байқауға қатысу үшін мынадай ақпараттар қамтылуы керек:
- Үміткердің аты-жөні;
- Фотосурет (jpeg., 1000 px.);
- Марапат, Алғыс хаттар (скан.нұсқа);
- Медальдар (суреті);
- Қатысушының байланыс телефоны.
Жеңімпаздар төмендегі аталымдар бойынша анықталады:
- «Балапан Ғалым» (математик, ғылыми жоба, пәндік олимпиада)
- «Балапан Талант» (әнші, биші, күйші, музыкант т.с.с)
- «Балапан Шебер» (суретші, дизайнер, қолөнер шебері)
- «Балапан Чемпион» (спортшылар)
- «Бала батыр » (ерлік жасаған кішкентай қаһармандар)
Айта кетейік, талантты балалар мен кішкентай қаһармандар туралы ақпараттарды 4 желтоқсанға дейін balapantv@kaztrk.kz электронды мекенжайына жолдаңыздар немесе Instagram желісінде #БалапанЖүлдесі хэштегін белгілеп, мәліметтеріңізбен бөлісулеріңізге болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02