Бала — әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Елімізде бала мемлекеттің қорғауында болады. ҚР Конституциясының 27-бабында «балаларына қамқорлық жасау және тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінген.
Балаларға ерекше ілтипат көрсету мақсатында жыл сайын 20 қараша - Дүниежүзілік балалар күні мерекеленеді. 1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы барлық елдерге бейбіт бауырластық күні ретінде, сондай-ақ, әлемдегі балалардың саулығы мен олардың өзара түсіністігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуді енгізуді ұсынды.
БҰҰ ел Үкіметтеріне бұл күнді өз қалаулары бойынша кез келген датада атап өтуді ұсынды. Ал, 1959 жылдың 20 қарашасы күні Ассамблея Бала құқықтары жөніндегі декларацияны және 1989 жылы Балалар құқықтары туралы конвенцияны қабылдады.